19 Қар 2020
Ата-анамен жұмыс

«Ертегілер елінде» деген атпен ата-аналар арасында сайыс

Сайыстың  мақсаты: балабақша  мен  ата-аналар  жұмысын  нығайту,  ынтымақты  арттыру,  ата-аналарды  балабақша  жұмысына  тарту.

Әр  топ  ата-аналары    кезек-кезек сахнаға  шығып,  өз  өнерлерін  көрсетті. Әділқазылар  мүшелерінің  шешімі  бойынша «Ақжелкен»  тобының  ата-аналары «Шық  бермес Шығайбай»  ертегісімен  бас жүлдені  ұтып  алды. «Балапан» тобы «Үйшік»  ертегісімен, «Улыбка»  тобы «Маша мен  аю» ертегісімен 1-орын  алды.  Лучики тобы «Бауырсақ» ертегісімен, «Жұлдызша» тобы «Мақтақыз бен мысық»   ертегісімен 2-орын алды. «Гномики» тобы «Үш аю» ертегісімен, «Балдырған» тобы «Шалқан» ертегісімен,«Күншуақ» тобы «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен з-орын алды.

 Сонымен қатар «Үздік  декарация» номинациясы-

«Үйшік ертегісіне; 

«Көрермендер көзайымы»-Шалқан ертегісіндегі әжеге;

«Үздік актер»-  «Шық бермес Шығайбай» ертегісіндегі  алдар көсе ролін  сомдаған ата-анаға ;                             

 «Үздік актриса»- «Бауырсақ ертегісіндегі   бауырсақ ролін сомдаған   ата-анаға

 «Үздік костюм» номинациясы бойынша-«Балапан»  тобына  берілді.