18 Қар 2020
Жаңалықтар

Жол жүру ережелері бойынша апталық өтті

24-30 қыркүйек аралығында бөбекжай- балабақшада «Жол жүру ережелері бойынша апталық өтті.

 Апталыққа ІІ кіші топтар «Абайла,балақай», Ортаңғы топтар «Бағдаршам-біздің досымыз», Ересек топта «Ережені білейік, Аман-есен жүрейік» атты ойын-сауықтар өткізді. Ересек топтар ойын-сауығына МАИ қызметкері қатысып, жол жүру ережесінің қыр-сырымен бөлісті. Барлық топтарда да ойын-сауықтар қызықты өтті. Балалар ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысты.  Сонымен бірге ересек топ тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге «Көшеге серуенге» шықты. Мақсаты: Көшедегі адамдармен, автокөліктердің жүрісін реттеуші бағдаршам қызметімен танысу. Балалар көшеден оралған соң, «Мен көшедемін» тақырыбына суреттерін салып, тәрбиешілер Изтаева Б.Т, Қалбағай Т.Р сурет көрмесін ұйымдастырды.