24-30 қыркүйек аралығында бөбекжай- балабақшада «Жол жүру ережелері бойынша апталық өтті.
Апталыққа ІІ кіші топтар «Абайла,балақай», Ортаңғы топтар «Бағдаршам-біздің досымыз», Ересек топта «Ережені білейік, Аман-есен жүрейік» атты ойын-сауықтар өткізді. Ересек топтар ойын-сауығына МАИ қызметкері қатысып, жол жүру ережесінің қыр-сырымен бөлісті. Барлық топтарда да ойын-сауықтар қызықты өтті. Балалар ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысты. Сонымен бірге ересек топ тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге «Көшеге серуенге» шықты. Мақсаты: Көшедегі адамдармен, автокөліктердің жүрісін реттеуші бағдаршам қызметімен танысу. Балалар көшеден оралған соң, «Мен көшедемін» тақырыбына суреттерін салып, тәрбиешілер Изтаева Б.Т, Қалбағай Т.Р сурет көрмесін ұйымдастырды.
https://yasli-sad27.edugov.kz/janalyq-akb/7106-%D0%B6%D0%BE%D0%BB-%D0%B6%D2%AF%D1%80%D1%83-%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D0%B0%D0%BF%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D3%A9%D1%82%D1%82%D1%96.html#sigFreeIdebbd35d283